Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қытайда Шаньдун провинциясындағы химиялық зауытта сенбі күні болған жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Синьхуа.

Линьшу үйезі әкімшілігінің хабарлауынша,  жергілікті экономикалық даму аймағында орналасқан химияллық зауытта жарылыс 10: 50-де, осында күрделі жөндеу жұмыстары жріп жатқан кезде болған. Апат бір адамның өмірін қиып кетті, жараланған алты адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуінің жағдайы ауыр, ал бір адам із-түзсіз жоғалған.

Әзірге апат себебі анықталған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар