Қытайдағы фанаттар Димашты көру үшін бизнес-санатқа билет алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді көру үшін қытайлық фанаттар ол отыратын ұшақтың бизнес-санатына дейін билет алады екен.

Бұл туралы бүгін Астанада журналистермен әңгімелескен Димаш Құдайбергеннің ресми өкілі Алпамыс Шәрімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытайда адамның есімі ол белгілі бір әуе рейсіне билет алғаннан кейін интернетте жарияланады. Яғни, өзге кісілер ол адамның қай рейспен ұшатынын сол кезде біліп алады. Қытайдағы фанаттары Димашпен бірге ұшып жүр деуге болады»,-деген Алпамыс жанкүйерлер Димашпен бірге ұшу үшін тіпті бизнес-санатқа билет алатынын айтып, таңғалдырды.

«Ондай фанаттар Қытайда көп. Мысалы, біз Шаңшадан Үрімжіге дейін ұшып келдік, Үрімжіден Қазақстанға жеттік. Сол бір топ фанат Үрімжіге дейін бірге ұшып келді. Димаш бизнес-санатқа билет алған соң,  қалған орындар 30 минутта толады»,-дейді Димаштың ресми өкілі.

Оның айтуынша, Қытайлық әуе компаниялар Димашқа алғысын айтып, ілтипаттарын білдіреді екен. 

Соңғы жаңалықтар