Қытайдағы атыс: Үш адам өліп, алтауы жараланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Чаочжоу округінде болған атыста үш адам өліп, алтауы жараланды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға сейсенбі күні жергілікті уақытпен 20:00-де Жаопин уезінің Цзинчжоу елді мекенінде болған. Полицияға егде адамдар арасында жанжал туындап, бір адамның атып өлтірілгені туралы хабар келіп түскен.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, күдіктілердің бірін ұстады. Қалғандарын іздестіру жалғасып жатыр.

Фото: © AP Photo / Andy Wong

Соңғы жаңалықтар