Қытайда жыл басынан бері 270 адам құс тұмауын жұқтырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жыл басынан бері құс тұмауымен (H7N9) ауырғандар саны 270 адамды құрады, соның салдарынан 87 адам көз жұмды, деп хабарлайды khovar.tj «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

«Дүрбелеңнің алдын алып, үй құстарын тасымалдау мен сатуды қадағалау үшін жұқпалы індеттің өршуі туралы ақпарат кеңінен таралуы тиіс», - деп агенттік ҚХР Мемлекеттік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бекітілген мәлімдемеден үзінділер келтірді.

Ағымдағы жыл басынан бері Ляонин, Цзянсу, Чжэцзян, Шаньдун, Хэнань, Гуандун, Гуйчжоу, Хубэй, Хунань и Сычуань және Бейжің тұрғындарының құс тұмауын жұқтырғаны анықталды.

Ең алғаш құс тұмауы Қытайда 2013 жылдың наурыз айында адамнан табылды. Әлі күнге дейін оның адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұққаны жайлы дерек жоқ. Құс тұмауының өршуі 2013-2014 жылдары Қытайда 36 адамның өмірін жалмады.

Соңғы жаңалықтар