Қытайда жүрген қазақстандықтар жойқынды дауылдар жөнінде ескертілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жүрген Қазақстан азаматтарына төніп келе жатқан «Сарика» және «Хайма» дауылдарының қаупі жөнінде ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалидің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары тосын жағдайға және жазатайым оқиғаларға душар болмауы үшін қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс.

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті су сұрапылының астында қалған ҚХР өлкелерінде жүрген қазақстандық туристерге жазатайым оқиғалар мен тосын жайттарға тап болмауы үшін барынша абай болып, жергілікті билік нұсақауларын орындауға кеңес береді.

Сонымен қатар ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті Оңтүстік-Шығыс Азияға сапарлауды жоспарлап отырған қазақстандықтарды метеорологиялық ахуалды, синоптиктердің болжамын және төтенше жағдайлардан қорғау қызметтерінің ескертулерін хабарлауға, ал аталған өңірге турлар ұйымдастырушы туристік операторларға өз клиенттерін ауа райы жағдайы мен оған байланысты тәуекелдер туралы ақпарат беруге шақырады», - деп жазды Иғали Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, әлемдік БАҚ мәліметтеріне сәйкес, қытайлық Хайнань өлкесінде «Сарика» тайфуны салдарынан жергілікті Хайкоу қаласының «Мэйлань» әуежайынан шамамен 250 рейс ұшырылмайтын болды.

«Сарика» тайфуны Цюнхай мен Санья қалаларының арасында болмақ. Оның қуаттылығы супертайфундікімен теңесіп, соңғы он жылда аралда болған ірі табиғи апатқа айналуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар