Қытайда жас жігіттің денесін пойыз белден төмен жаншып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша шамамен 15-00-де,қытайдың Нанкин қаласында оқыс оқиға орын алды.

Интернет арқылы таралған видеода қытайлық жас жігіттің пойыз астына түсіп қалған қайғылы сәті көрсетілген. Ол перронның екінші жағына секіріп өтпек болған кезінде үлгер алмай, перрон жақтауы мен шұғыл келіп қалған жолаушылар пойызының арасында қыстырылып қалған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыз оны белден төмен  жаншып өткен. Ауыр жараланған азаматты дәрігерлер ажалдан құтқарып қала алмады.

 

 

Соңғы жаңалықтар