Қытайда тұратын қазақ кәсіпқой боксшы WBC турниріне қатысады

None
None
  АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда тұратын кәсіпқой боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы (13-1-1, 6КО) мамыр айында АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хосе Сулейман атындағы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жартылай орта салмақта өтетін әлемдік турнирінде арнайы шақырумен 8 кәсіпқой боксшы өнер көрсетеді. Ал «Destroyer» (Талқандаушы) лақап атымен танымал қандасымыз бұл турнирге Азия елдерінен қатысатын жалғыз боксшы.
null 

Айта кетейік, алғашқы жекпе-жектер 27 мамыр күні Американың Кентукки штаты Луйзвилл қаласында өтеді. Бейсенбі осы турнирдің басты фавориті WBC International Silver титулының иегері Фредрик Лоусонмен (26-1-0, 21КО) рингке шығады.

Ұлты қазақ Бейсенбі Нәсиоллаұлы бұл күнде Қытайдағы ең танымал кәсіпқой боксшылардың бірі. Бұған дейінгі жекпе-жектерінде қандасымыз WBA және WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы титулын (WBA International super lightweight title,WBC Asian Boxing Council Continental super lightweight title) жеңіп алған болатын. Қытайлық жанкүйерлер оның бокстасу мәнерін және келбетін қазақстандық Геннадий Головкинге ұқсатып, «OneG» деп атап кеткен.
null 

Соңғы жаңалықтар