Қытайда тұңғыш рет әйел спортшы тұғырдан секіруден Олимпиадаға жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай тарихында тұңғыш рет әйел спортшы тұғырдан секіруден қысқы Олимпиада ойынына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қытайдағы kazakh.people.com. сайты жазды.

Аталған ақпарат көзіне сүйенсек, осыған дейін тұғырдан секіру спортынан саны миллиардтан асатын Қытай елінен бірде-бір әйел спортшы Қысқы олимпиадаға қатысу мәртебесіне ие бола алмаған. Бүгін,  сол олқылықтың орнын Чаң Шин Юе толықтырып, Қытай қысқы спорт тарихына үлкен өзгеріс жасады деп жазған.

Естеріңізге сала кетейік, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар