Қытайда тест тапсырмаларына Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оқу мекемелеріндегі ағылшын тілі бойынша тесттік тапсырмаларға Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі ақпаратқа сілтеме жасап.

Аталған тест сұрағын қытайлық блогер Си Хуай Шың (C-huaii槐笙) Вейбодағы жеке парақшасында жариялады.

Тапсырмада ағылшын тілінде танымал әнші Димашқа қатысты сұрақтар беріледі. Әншінің туған жері, балалық шағы, хоббиі, алғашқы жетістіктері оның ішінде «Славян базары» және «I am a singer» жобаларында қалай жетістікке жеткені айтылады. «Оның дауысы әдемі, түр-сымбаты да келісті, сондықтан ол Қытайда үлкен танымалдыққа ие болды. Француз тілінде орындаған әнінен кейін Димаштың Weibo (Қытайдағы Фейсбуктің баламасы - авт.) желісіндегі оқырмандары 300 000 адамға жетті», - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.

null

Соңғы жаңалықтар