Қытайда сотталған үш Қазақстан азаматы Отанына қайтарылады

None
None
БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат -  Бүгін Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен кездесті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Кездесу барысында тараптар әділет саласындағы екі елдің одан әрі ынтымақтастығын, азаматтық және құқықтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, сотталған адамдарды қайтару туралы ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты келісімдерді іске асыру мәселелерін талқылады.  «Жібек жолы экономикалық белдеуі» құрылысын заңдық сүйемелдеу қажеттілігі атап өтілді.
null 

Кездесу барысында таяу уақытта Қытай аумағында сотталған ҚР-дың үш азаматын Отанына қайтару туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тағы үш қазақстандықты қайтару мәселесін қытайлық тарап жақын уақытта қарайды.

Еске салсақ, 2015 жылғы қыркүйектен бастап ҚР мен ҚХР арасындағы сотталғандарды қайтару туралы шартқа сәйкес Қытай аумағында түрлі жаза мерзімін өтеп жатқан ҚР-дың 11 азаматы қайтарылды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 12 азаматы Қытайда түрмеде жазасын өтеуде.

 

Соңғы жаңалықтар