Қытайда отшашу шығаратын зауыттағы жарылыстан жеті адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай Цзянси провинциясындағы Пинсян қаласына жақын жердегі Шанли уезінде болған, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

22 қыркүйек күні таңертең жергілікті билік тексеру кезінде  анықталған жүйелі қауіпсіздік мәселесіне байланысты кәсіпорынның жұмысын тоқтатуды тапсырған.

Алайда зауыт қызметкерлері кешқұрым жұмысты қайта бастаған. Сол кезде жарылыс болған.

Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар