Қытайда құс тұмауынан екі адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда H7N9 құс тұмауынан екі адам қаза тапты.

Үш жыл бұрын бұл елде осы аурудан ондаған адам көз жұмған еді. Қыстың басынан бері Аньхой шығыс провинциясында екі адам дүние салды, деп хабарлайды Reuters агенттігі жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап.

 

Айта кетейік, Аньхойда барлығы 8 желтоқсаннан бері құс тұмауынан бес адам қаза тапты. Үш адамның денсаулық жағдайы туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Reuters ақпаратына сүйенсек, Қытайда желтоқсан айында құс тұмауы диагнозымен жеті адам тіркелген. Алайда, БАҚ хабарламасына сәйкес, ауру жұқтырғандар саны одан көп.

Айта кетейік, бір ай бұрын Украинада құс тұмауын жұқтырған науқас тіркелген еді. Қазіргі таңда олардың саны бес адамға жетті, деп хабарлайды NEWSru.ua. Еуроодақ украиндық құс пен құс өнімдерін шығаруға тиым салды. Сондай-ақ, Тунисте де құс тұмауы тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар