Қытайда қуатты жер сілкінісінен соң жерасты дүмпуі 1,7 мың рет қайталанған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күнгі жер сілкінісінен кейін Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында 1690 рет жерасты дүмпуі тіркелді. 

Ең күшті дүмпу 4,8 магнитуданы құрады. Бұл жайлы елдің сейсмологиялық қызметіне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ хабарлайды.

Сейсенбі күнгі жер сілкінісінің магнитудасы - 7.

Зілзаланың ошағы  Сычуань провинцияның Нгава-Тибет-Цян автономды округіндегі Цзючжайгоу уезінде шамамен 10 км тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта 19 адамның табиғи апат құрбаны болғандығы анықталып отыр. 343 адам жарақат алған. Мамандар қаза тапқандар мен жарақат алғандарды іздестіруді жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, табиғи апат салдарынан Сычуань ауданының 60 мыңнан астам тұрғыны мен туристері қауіпсіз аймақтарға көшірілді. 

Соңғы жаңалықтар