Қытайда көз жұмған актерге неге медициналық сақтандыру рәсімделмеген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қытайда демалып жүрген кезінде қайтыс болған Қарағандының «Жыл актері», теміртаулық актер Алексей Шумскийдің әпкесі прокуратураға туристік фирманың үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайтыс болған актердің әпкесі Олеся Бердникованың прокуратураға шағым түсірудегі мақсаты - жергілікті турфирманың туристерді медициналық сақтандырусыз жіберудегі себебін анықтау.

«Егер турфирма осындай маңызды құжатты рәсімдемей, заңды бұзса, оны жауапқа тарту керек», - деді Олеся.

Прокуратура өкілі актердің туысынан шағымның түскенін растады.

«Біздің қызмет ету аумағымыз шектеулі. Әңгіме Қытайдағы оқиға қатысты болып болып отыр. Сондықтан Қытайдағы клиникада болған жағдайды анықтау үшін материал туризм мәселесін басқаратын Мәдениет және спорт министрлігіне бағытталды», - деп хабарлады прокуратура өкілі.

Бұған дейін Қытайға демалуға барып, комаға түсіп қалған қазақстандық актерге медициналық сақтандыру рәсімделмегендігі  және кейін сол елде қайтыс болғандығығы туралы ақпарат берген болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар