Қытайда қазақтың материалдық емес мұрасының мұрагері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Мәдениет министрлігі мемлекеттік дәрежедегі материалдық емес мұраларды жалғастырушы мұрагерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды People Daily жаңалықтар сайты.

null

Көне мәдениетті жалғастырушы және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып, байытушы мұрагерлер тізіміне Қытайдың Шыңжаң өлкесінен 51 адам таңдалған. Олар Шыңжаңда тұратын түрлі ұлттардың мемлекеттік дәрежеде мойындалған материалдық емес мұраларын дәріптеп, жалғастырушы  өкілдері аталды. Осы тізімде қазақтың ұлттық киімін насихаттаушы мұрагер Жеңісгүл  Нұрданақынқызының да аты аталған. Ол Шыңжаң қазақтарының арасынан шыққан белгілі тігінші, дизайнер, қазақтың  ұлттық киімдерін тігуге үйрететін өнер мектебінің директоры, «Тасбұлақ» шеберханасының жетекшісі. Сондай-ақ бұлардың арасында ұйғыр ұлтының материалдық емес мұрасын жалғастырушы Ахметжан Үйсіп (әзіл-сықақ), Әбдуәли Дәуіт те (ұйғыр ұлтының халық әнін жалғастырушы)  бар.

null 

Соңғы жаңалықтар