Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -8 °С
Алматы: 5 °С
USD 318.99 EUR 393.70
RUB 5.62 CNY 50.28
Жаңалықтар

Қытайда қазақ студенті қарияны өлімнен арашалап қалды

2017 жылғы 16 қыркүйек 09:42 3807
Бөлісіңіз:
Қытайда қазақ студенті қарияны өлімнен арашалап қалды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Қазақстандық студент Ғалымжан Исабеков Бейжің метросында есінен танып қалған қытайлық қарияға дер кезінде медициналық көмек көрсетті. Студенттің әрекеті жергілікті БАҚ пен интернет пайдаланушыларының ризашылығын тудырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

«12 қыркүйек күні Бейжің метросының «Әлемнің батыс қақпасы» стансасында 84 жастағы қария есінен танып қалған. Сюаньу клиникасына тағылымдамадан өтуге келген қазақстандық студент Ғалымжан Исабеков қарияға бірден жедел көмек көрсеткен. Ол тыныс алмай жатқан қарияға жасанды тыныс жасап, тиісті көмектерді көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін есін жинатқан», деп жазады «Бейжің таңы» газеті.


Қытайда қазақ студенті қарияны өлімнен арашалап қалдыСонымен қатар Вэйсин әлеуметтік желісі арқылы 27 жастағы қазақстандық студентке өлімнен қалған қарияның қызы алғыс білдіріп, жазба қалдырды. Бұған қытайлық пайдаланушылар басым бөлігі пікір білдірген. «Ұлты мен азаматтығына қарамастан қайырымдылық жасадың, жақсылықтың шегі жоқ екенін дәлелдедің, сен періштесің», «Шетелдік жастар мен дәрігерлерге зор алғыс», «Қайырымдылықта шек жоқ, студентке алғыс» деген сияқты көптеген пікірлер қалдырылған.


Қытайда қазақ студенті қарияны өлімнен арашалап қалды

 


Басты сөздер: Жастар, Қытай, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Гүлсая Жақан

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат