Қытайда қазақ халқының дәстүрлі өнерін әйгілеген көрме өтті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Қытайда қазақ халқының дәстүрлі өнерін әйгілеген көрме өтті - «Алтай ақпарат» сайты
null null  null null 

Қытайдың Алтай қаласында қазақ халқының дәстүрлі өнерін әйгілеген,  кесте, қолөнер бұйымдары және ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар қойылған көрме өтті, деп хабарлайды  kz.ts.cn/altai сайты.

 «Аталған салтанатты шара шымылдығы халқымыздың дәстүрі бойынша шашу шашылып, Алтай қаласының өнер ұжымы дайындаған «Ақбаян» әнімен ашылды. Шарада  халықтың көз алдында тігілген қолкесте, оюлы сырмақ және түрлі ұлттық тағамдар, ағаш ойма, әсем тастар көрермендер көзайымына айналды. Ерекше қолөнер туындылары арнайы тағайындалған қазылар алқасының шешімімен бағаланып, сыйланды. Бұл шара ұлттық өнерімізді қоғамға дәріптеумен қатар,  әйел кәсіпкерлердің  еңбегін бағалап, кәсіп көзін ашып, пайда табуға көмектесуді көздеген. Сондай-ақ аталған шара Қытай халық өкілдерінің кезекті 19 құрылтайының қарсаңында өтіп отыр», - деп жазады қытайлық дереккөз.

  Баян-өлгей аймағына ЕҚЫҰ өкілдер келді - ulgiinews.mn
null

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келген өкілдер, ұлт азшылығы мәселесіне байланысты аймақ басшыларымен кездесу жасады, - деп хабарлайды Моңғолиядағы ulgiinews.mn ақпараттық порталы.

 «Аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының  саяси аға кеңесшісі М.Фумагалли, заң аға кеңесшісі Л.Хагирка қатарлы өкілдерді қабылдады. Кездесудің барысында Ғылымхан Әйіпұлы сөз алып, мәртебелі меймандарды ұлт азшылығының жағдайымен танысқалы келгендеріне алғысын білдірді. Ол өз сөзінде: «Аймағымызда 102 мың халық бар оның 95 пайызы ұлт азшылығы - қазақтар, қалған 5 пайызы Урианхай, Дөрвөд, Тва тайпаларының азаматтары. Ел азаматтарының құқықтары заңмен қорғалған» деп атап өтті. Өз кезегінде ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары М.Фумагалли; «Бізді ыстық ықыласпен қарсы алып, нақты әрі егжей-тегжейлі ақпарт бергендеріңізге  алғысымды білдіргім келеді. ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар қызметі 1993 жылы Нидерландының Гаага қаласында құрылды. Негізгі мақсат: Мүше мемлекеттер немесе көрші елдердің арасындағы  ұлт азшылықтарын қамтитын шиеленістер мен қақтығыстарды болдырмау, сондай-ақ дипломатиялық жолмен шектеуге және шешуге қолдау көрсетеді. Міндеттемелерімізді орындау үшін аталмыш ел мен елді мекендерді аралап, нақты  жағдаймен танысамыз. Біз Моңғолия еліне ұлт азшылығы саналатын халықтың тұрмыс тіршілігімен танысу үшін, түсінік алу мақсатында келдік» деді», - деп жазады аталған сайт.

Алтайда қос өркеші баладай, қомды түйелерді таңдаудан жарыс өтті -Тяньшаньнет
null null null  

ҚХР Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында қазақ мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінде ерекше орны бар, төрт түліктің басы ойсылқара тұқымын таңдап, сынаудан жарыс өтті, деп жазады «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы.

  Үліңгір көлінің бойында өткен түйе шаруашылығын дамытуды көздеген аталған шарада қос өркеші баладай, ірі, қомды түйелерді таңдап, бағалаумен қатар, шұбат ішуден, сапалы шұбат өнімін таңдаудан да бәсеке ұйымдастырылды.  Шараға жергілікті тұрғындар мен Қытайдың Шанхай, Жиаңсу,Гуаңдұң секілді ірі орталықтарынан келген туристер арнайы қатысып, тамашалады.

Өзбекстан Ресей мен Қазақстаннан 1 млн тонна мұнай сатып алады - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

Өзбекстанның «Өзбек мұнай-газ» акционерлік компаниясының басшысы: «Ташкент 2018 жылы өз мұнай өндеу зауыттарын қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қазақстаннан 1 млн тоннаға дейін мұнай импорттауды жоспарлап отыр»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Өзбек мұнай-газ» акционерлік компаниясының басшысы Әлішер Сұлтанов: «Ташкент осы айда 30 мың тонна мұнай импорттауды жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш  осы жылдың аяғына дейін 200 мың тоннаға артады. Бұл бағдарлама Өзбекстанның Қазақстанмен мұнай келісіміне қол қойып, Ресеймен осы салада ынтымақтастықты арттыру жөнінде кеңесіп жатқан жағдайда жасалып отыр.

«Сынақ түрінде мұнай тасымалдау Омбы-Павлодар-Шымкент  мұнай құбырлары арқылы, одан ары темір жол тасымалы арқылы Өзбекстанға жеткізіледі. Мұнай тасымалдау Ресейдің Энергетика министрлігі мен «Транснефть» компаниясы арқылы  жүзеге асады деп жоспарланып отыр»,-деді. Бұдан бұрын «Транснефть» компаниясы басшысының орынбасары Сергей Андронов «Трубопроводный транспорт нефти» журналына берген сұхбатында Өзбекстан мен Қырғызстанға Қазақстан жері арқылы жылына 500 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдау мүмкіндігін растаған болатын», -  деп жазады parstoday ақпарат агенттігі.

Іле қазақ автономиялы облысы жаңадан 11 әуежәй салуды жоспарлап отыр - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null 

ҚХР Іле қазақ автономиялы облысы әуе тасымалын белсенді дамыту мақсатында жергілікті жерде жаңадан 11 әуежай салуды көздеп отыр, деп хабарлайды қытайлық kazakh.people.com сайты.

«Биылғы жылы біз Құлжа әуежайын кеңейтіп салу мен Моңғолкүре ауданында салынып жатқан жаңа әуежай құрылысын тездетіп бітіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Күйтүн қаласындағы халықаралық әуежай  мен  Қорғас әуежайын және Нылқы ауданының таңбалы, Текес ауданының  Қаражон, Тоғызтарау ауданынның Көлденең жайлауларында тікұшақтарға арналған әужай құрылыстарын салудың дайындық жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Облысымызда осындай жаңадан 11 әуежай салуды көздеп отырмыз», -  дейді Іле Қазақ автономиялы обылыстық дамыту және реформалау комитетінің лауазымды қызметкері Жияң фучың.

Аталған ақпарат көзінің жазуынша, бұл әуежайлардың басым бөлегі туристердің жеке ұшақтармен ұшып-қонуына,  ұшақпен туристерді тасымалдауға, зат тасымалдауға арналған. Сонымен бірге әуе саяхаты, әуеден видеоға түсіру, егін шаруашылығы мен орман шаруашылығы үшін әуеден дәрі себу міндеттерін де атқарады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында мұнай құбыр желісі салынады - ТРТ порталы
null 

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасына Шымкент-Жызақ құбыр желісін салады және 2021 жылы іске қосады. Бұл туралы Түркия Радио Теледидар порталы хабарлайды.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптадағы Өзбекстанға сапары барысында екі ел үкіметі арасында қол қойылған келісім жыл сайын 5 миллион тонна айдайтын мұнай құбыр желісінің салынуын көздейді. Келісімге қарағанда,  екі ел Шымкент-Жызақ мұнай құбыр желісі құрылысын салатын өз өкілетті мекемелерінің жұмысы үшін ыңғайлы шарттарды қамтамасыз етеді», деп жазады аталған дереккөз.

Моңғолиялық оқушылары мемлекет туын Гиннестің рекордтар кітабына енгізбек - kaznews.mn
null null

Ұланбатар қаласындағы Хобби орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қағаздан Моңғолияның мемлекеттік туын жасап шықты, -  деп жазады kaznews.mn жаңалықтар сайты.

«Олар көлемі жағынан әлемдегі ең үлкен 1,152 м.кв болатын мемлекеттік туды  Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін еңбектеніп жатыр», - деп хабарлайды аталған сайт.

 

Соңғы жаңалықтар