Қытайда қаза тапқан қазақстандық актердің мүрдесі елге жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда қаза тапқан Теміртаудың жас көрермендер театрының 43 жастағы актері Алексей Шумскийдің мүрдесі елге жеткізілді. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мендегі бар ақпаратқа сәйкес шынымен де қазақстандық актер Қытайда ауруханаға түскеннен кейін қайтыс болды. Оның мүрдесі Қазақстанның Қытайдағы елшілігі дипломаттарының көмегімен Үрімжіден елге жеткізілді. Үрімжіден Зимунай шекара өткеліне дейін көлік ұйымдастырылды. Мұнан ары шекарадан мүрдені оның туыстары күтіп алып, жерлеу үшін алып кетуі тиіс болатын», - деді Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, актер Қытай шекарасын кесіп өткен кезде өзін жайсыз сезінген. Бірақ, ол бұған қарамастан сапарын одан ары жалғастыра берген. Қытайда одан ары нашарлап, ес-түссіз құлаған және қайтыс болған.

Айта кетейік, Алексей Шумский Мәдениет саласының қызметкерлері күні қарсаңында биылғы жылдың үздік актері атанды және Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы мен дипломына ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар