Қытайда қаза болған қазақстандық қызды зорлау фактісі расталмады - ҚР СІМ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытайда қайтыс болған 18 жастағы қызды зорлау фактісі расталмағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қыз зорлау фактісі расталмады, алайда зорлық көрсетуге деген ұмтылыс болған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, қыз құлаудың салдарынан мерт болған»,-деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.
Ведомство өкілдері сонымен қатар Қытайда 18 жастағы қыздың 14 қабаттан құлаған кезінде қасында болған екі Пәкістан азаматының да ұсталды.
«Осы оқиғадан кейін Қытай полициясы тергеуді бастады. Пәкістанның екі азаматы ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес олардың жасы 26-30 аралығында. Олардың студент болған-болмағаны әзірге белгісіз. Олардың бірі қамауда отыр, ал екіншісіне тергеу аяқталмайынша ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр. Екінші қыз оқиғаға қатысты түсініктеме берген, қазір ол оқуын жалғастыруда», - деді Жайнақов.
СІМ-дегілер Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының ерекше қадағалауында екендігін айтады.
Дипломатиялық ведомствоның мәліметінше, 1 желтоқсан күні Суджоу университеттерінің бірінде оқитын он сегіз жастағы қазақстандық студент қыз құрбысымен бірге танысы - Пәкістан азаматына қонаққа барады. Ол жерде оның досы да болған. Бір кезде мас күйде олар қыздарға жармаса бастайды. Қыздың біреуі жасырынып қалады, ал екінші қыз 14-қабаттан құлап, мерт болған.
- Жоғалып кеткен Алматы қаласының тұрғыны байланысқа шықты
- Полиция Қазақстандағы кезекті қаржы пирамидасын тексеріп жатыр
- Алматы облысының полициясы «Алтын Орда» базарында бомба іздестіруде
- Шымкентте 9-сынып оқушысы жиырма күннен бері іздестірілуде
-
ОҚО-да 2 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды
-
Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам