Қытайда қайық аударылып 11 адам опат болды, алтауы із-түзсіз жоғалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбіде сағат 13:40 -та Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Гуйлинь қаласы аумағында Таохуа өзенінде екі қайық соқтығысты, деп хабарлайды Синьхуа.

Апат салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 6 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Гуйлинь қалалық әкімшілігінен түскен ақпаратқа қарағанда, апатқа ұшыраған қайық аударылған кезде  57 адам су ішінде қалған, олардың 40-ы құтқарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар