Қытайда Ішкі Моңғолия полициясының бұрынғы басшысын өлім жазасына кесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР соты жұмада кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы полициясының бұрынғы басшысы Чжао Липинді өлім жазасына кесті, деп хабарлады Орталық Қытай телеарнасы.

Үкімді Шаньси провинциясы Тайюнь қаласының соты шығарды. Сот сондай-ақ 2008-2010 жылдары ол заңсыз 23,7 миллион юань (3,5 миллион АҚШ доллары) алғанын жария етті. Жоғарғы халық прокуратурасы ақпанның басында оған кісі өлтірді, оқ-дәріні заңсыз сақтады деген айып тақты.

Чжао Липин 2015 жылғы наурызда Чифэн қаласында адам атып кеткен. Кейіннен 2015 жылғы шілде соңында ол партиядан шығарылды. Ол сондай-ақ Ішкі Моңғолия Қытай халық саяси консультативтік кеңесі бөлімшесінің аға саяси кеңесшісі болған.

Соңғы жаңалықтар