Қытайда Ішкі Моңғол әкімшілігінің экс-кеңесшісіне өлім жазасы орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Ішкі Моңғол автономиялық өлкесінің Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің комитет басшысының бұрынғы орынбасары Чжао Липинге қатысты өлім жазасы үкімі бүгін таңертең орындалды.

Қытайдың Орталық телевидениесі (CCTV) хабарлағандай, шенеунік ірі көлемде қылмыстар жасағаны үшін айыпталды. Үкімді Шаньси провинциясының халықтық соты ақпанда шығарған, бұл апелляциядан кейінгі шешім болатын. Өткен жылы қарашада Чжао Липиннің 2 млн юань сомасындағы жеке мүлкі тәркіленіп, өзі өлім жазасына кесіліп, барлық үкіметтік өкілеттіктерінен айырылған болатын.

Бұдан бұрын сот шенеунікті 2015 жылғы наурызда қасақана кісі өлітргені, сондай-ақ 23,6 млн юань ($3,4 млн) пара алғаны үшін айыпты деп таныған.

Соңғы жаңалықтар