Қытайда интернет-сот іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы алғашқы интернет-соттың ресми ашылу салтанаты жұма күні Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласында өтті, деп хабарлайды ҚХР Орталық телеарнасы. 

Жұма күні таңертең ашылу салтанатына ҚХР Жоғарғы халық сотының төрағасы Чжоу Цян мен Чжэцзян провинциясы ҚХП комитетінің хатшысы Чэ Цзюнь қатысты.

Интернет-сот онлайн саудададағы алаяқтыққа байланысты, онлайн жасалған қарыз келісімшартымен байланысты, ғаламтордағы авторлық құқықтың бұзылуы туралы істерді қарайтын болады.

Барлық сот процедуралары, шағым түсіруден бастап істі қозғау - соттың сайты арқылы жүргізілетін болады. Сот тыңдалымы мен үкімді жариялау да нақты уақыт режимінде онлайн видеотрансляция көмегімен өтеді.

Соңғы жаңалықтар