Қытайда Хотан қойы мемлекеттің ерекше қорғауына алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі Памир қодасы, Керия шұбар үйрегі, Көктоғай қара тауығы сияқты үш үй жануарын мемлекеттік үй жануары генетика байлығына енгізуге өтініш берді, деп хабарлайды қытайлық People Daily басылымы.

Бұл үй жануарларының мемлекеттік дәрежеде қорғалуын Шыңжаң өлкелік мал шаруашылығы басқармасы ұсынып отыр. Қазіргі күні Қытай мемлекеттік үй жануарлары генэтика байлығы комитеті үй жануарының 153 түрін қорғауға алған. Мемлекеттің қорғауына алынған жануарлардың қатарында Шыңжаң өлкесінен Хотан көк есегі, Шыңжаң қара арасы, Шыңжаң қазы, Хотан қойы, Долан қойы, Қара шәрі жылқысы қатарлы 6 үй жануарының түрі бар. Бұлар жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар саналады.

Деректерге жүгінсек, генетикалық жойылуға оларды ойланбастан будандастыра беру себеп болған. Басқа жақтан әкелінген тұқымдарға баса мән берілу, бәсекеге қабілеті төмен түрлерге көңіл бөлмеу, дәстүрлі мал шаруашылығының рөлінің төмендеуі де осы кемшілікке әкеліп соқтырған. Сарапшылар әлемдегі жануарлардың көптеген бағалы түрлеріне жойылу қаупі төніп тұрғанына баса мән беріп, қоғамға олардың генетикалық ресурсын сақтап қалуға белсенді атсалысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар