Қытайда ЭКСПО-2017 арналған естелік банкноттар шығарылды

None
None
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Қытайдың «Ваньбо» және «Чжаньдао вэньхуа» атты екі компаниясы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-мен келісе отырып, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне және Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай естелік банкноттар мен пошта маркасын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Банкноттар мен пошта маркасының салтанатты тұсаукесер шарасы Шанхай қаласында болды. Оған Шанхайдағы ҚР бас консульдығының өкілдері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ілгерлету және туризм департаменті, Қытайдың халықаралық сауда-саттыққа жәрдем көрсету комитеті мен қытайдың бірқатар бизнес өкілдері қатысты.

ЭКСПО-2017 арналған естелік купюролар шығару 1851 жылдан бастау алатын көрме тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Қазақстан (Бәйтерек пен ЭКСПО-2017-дағы Қазақстанның ұлттық павильоны) мен Қытайды (Ұлы Қытай қорғаны және Аспан ғибадатханасы) бейнелейтін банкноттар (номиналсыз) 5 мың данамен шығарылды.



Жиында сөз алған Шанхай қаласындағы ҚР бас консулы Жошыхан Қыраубаев Қазақстандағы Қытай туризмі жылы және алдағы ҚХР төрағасының Астанаға ресми сапары туралы айтты. Және қытайлықтарды Қазақстанда өтетін көрмеге белсенді қатысуға шақырды.



Шара қатысушыларына халықаралық көрме туралы видеоролик көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Соңғы жаңалықтар