Қытайда Димаштың туған күніне арналған кеш өтіп жатыр

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлерге арналған «Тосын сыйға толы туған күн» атты ән кеші өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Димаштың туған күн кешіне жиналған жанкүйерлер жас таланттың әндерінен сусындап, оның доп тебудегі шеберлігіне тәнті болды.

Айта кетейік, Димаш бұған дейін Қытай тілшілерінің: «Басқа қандай өнерлеріңіз бар?», - деген сұрағына, «Әлі көп, алда көре жатарсыздар», - деген болатын.

Еске сала кетейік, Қытайдың «Singer-2017» ән бәсекесіне қатысып, әлемге танымал болған Димаш Құдайберген 24 мамыр күні 23 жасқа толды. Оған әлемнің жер-жеріндегі жанкүйерлерінен басқа, танымал америкалық актриса Ева Лонгория және франциялық әйгілі әнші Лара Фабиан сынды белгілі тұлғалар құттықтауларын жолдады.


Соңғы жаңалықтар