Қытайда бейәдеп контенті бар 6 мыңнан астам сайт жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қытай үкіметі эротикалық және бейәдеп контенті бар 6 мыңнан астам интернет сайты мен WeChat мессенджеріндегі аккаунтарды жапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Порнографияға, заңсыз баспа, аудио және видеоөнімдерге қарсы күрес жөніндегі Бүкілқытайлық кеңсенің баяндамасында таза мәдени ортаны қалыптастыру науқаны айтулы жетістіктерге жеткені айтылады.

2017 жылы ғаламтордан 4,5 миллионнан астам эротикалық сипаттағы жазба өшірілген, ал онлайн сервис провайдерлері 20 миллионға жуық осындай жазбаны өздігінен өшірген. Билік WeChat арқылы эротикалық видео тарату жөнінде көптеген ірі қылмыстық істерді ашып, 20 өңірден 100 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Оның ішінде кәмелет жасына толмағандар да бар.

Бұдан тыс, ҚХР үкіметі порнографиялық контентті таратудың жаңа тәсілдерін де анықтады. Порнографиялық видеоларды жүктеу үшін сілтеме жіберген 30-дан астам күдікті ұсталды. Жұртшылық та осы шараға белсенді қатысты.

Соңғы жаңалықтар