Қытайда асық ойыны үйретілуде

БЕЙЖІҢ-АҚСАЙ. ҚазАқпарат - 12 қаңтарда ҚХР-дың Ганьсу өлкесі Ақсай-қазақ автономиялық ауданында қазақтың асық ату ұлттық ойынын үйрету курсы ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аталған аймақтың «Армантау» мәдени бірлестігінің жетекшісі Марқаба Мәлікұлы хабарлады.
«ҚХР-дың Ганьсу өлкесі Ақсай-қазақ автономиялық ауданындағы «Армантау» мәдени бірлестігі (www.armantaw.com) жергілікті Мәдениет және спорт жөніндегі орталықпен бірлесе отырып асық атуды үйрету курсын ашты. Қазақ ойынының осы түрін кеңінен тарату Қытайдағы Уичат (WeChat мессенджері) желісі арқылы жүргізіледі», - деді ол.
Салтанатты ашылу рәсіміне автономиялық ауданның басшылығы және 500 қыз бен ұл қатысты.
Еске сала кетсек, Ақсай-қазақ автономиялық ауданында 3 мыңға жуық қазақ мекендейді, ал Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде бір миллионнан астам қазақ диаспорасы тұрады.
- Атырауда велошеруге байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады
- Қайрат Әбдірахманов Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
- Қазақстандық дискобол Беларусьта өтетін турнирге қатысады
- Данияр Елеусінов профи-рингтегі дебютін өткізу үшін Нью-Йоркке барды
-
Мартиросян Головкинмен жекпе-жекте әлемді таңғалдырмақ
-
Дзюдо: Алматыда Азия кубогының жеңімпаздары анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам