Қытайда аптап ыстық кезде электр желілерінің жүктемесі шегіне жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 2017 жылғы аптап ыстық температураға қатысты рекордтан басқа да жоғары көрсеткіштерді жаңарты, деп жазды Синьхуа.

Қытайдың State Grid ұлттық электр желілері корпорациясының хабарлауынша, 25 шілдеде сағат 00.00-де күллі ел бойынша энергияны өңдеудің тәуліктік көлемі тарихи максимумды алты есеге еңсеріп,  сағатына 1,753 млрд кВт-ны құрады.

Бұл ретте 31 өңірдің 24-і (Сянган, Аомэнь және Тайваньды қоса алғанда) электр желілеріне жүктемеде рекордтық деңгейге жетті. Бастапқыда солтүстік және солтүстік батысты қамтып, артынша Хуанхэ өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға жеткен 20 күннен бергі аптап ыстықтың беті қайтар емес. 19 өңірде 40 градус және одан жоғары температура тіркелді, деп мәлім етті Электр энергетикасы бойынша ұлттық бақылау-диспетчерлік орталық басшысының орынбасары Ван Юйлин.

Солтүстік Қытайда, сондай-ақ елдің шығыс, солтүстік-шығыс бөліктерінде электр желілеріне жүктеме рекорд орнатуда, деп атап өтті ол. 25 шілдеде Чжэцзян провинциясында жүктеме 74,85 млн кВт-ға, Цзянсу провинциясында 24 шілдеде электр тұтыну күллі жергілікті тарихта алғаш рет сағатына 100 млн кВт белгісінен асып түсті. 

Соңғы жаңалықтар