Қытайда әлемдегі ең үлкен маса табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында қанаты жайылғанда 11,15 сантимерге жететін маса табылды, деп хабарлайды South China Morning Post.

Алып масаны Чжао Ли атты қытай этномологы Сычуань провинциясынан өткен жылдың тамыз айында ұстап алған. Содан бері қытайлық маман оны зерттеп, бұл әлемдегі ең ірі маса екендігін дәлелдеп шыққан.

Жәндіктің денесі 5 см, қанатын жайғандағы ұзындығы 11 см, яғни әдеттегі масадан 10 есе ұзын.
null 

Чжао алып маса халың көпшілікке ерекше жәндік ретінде мамыр айында көрсетілетінін айтады.Оның колекциясында әлемнің 40 елінен 700 мыңнан астам жәндік бар, бұл Азиядағы ең ірі жәндіктер мұражайы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар