Қытайда әлемдегі ең үлкен киіз үй мұражайы салынатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Мори қазақ автономиялық ауданы әлемдегі ең үлкен киіз үй мұражайын салуды қолға алды, деп хабарлайды kazak.ts.cn.

Санжы Дүнген автономиялық облысының құрамына кіретін Мори қазақ автономиялық ауданы -Қытайдағы қазақ салт-дәстүрін жақсы сақтап, дамытып отырған өңірлердің бір. Әсіресе, киіз үй мәдениеті мен ұлттық кесте тігу өнері секілді қазақтың мәйекті мәдениетін өркендетуге ерекше мән беріп келеді.

 Осылай ұлттық болмысымызды ұлықтап жүрген шетелдегі қазақ ауданы, өздерінің дәстүршіл өңір екенін тағы да бір мәрте дәлелдемек. Сол ынтамен Мори ауданы әлемдегі ең үлкен киіз үй мұражайын салуды қолға алған.

Аталмыш мұражайда қазақтың сан ғасырдан бері жаратқан дала өркениетінің барлық түрін көрсету жоспарға алыныпты. Бұл құрылысқа 9 миллион юань (432 миллион теңге) қаржы жұмсалатыны жоспарланып отыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар