Қытайда адам толы автобусты өртеген ер адам өлім жазасына кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда ішінде адамдары бар автобусты өртеген Ма Юнпин жазаланды. 5 қаңтарда «біреумен ұрсысып, ашуланған» ол бензин құйып, автобусты өртеп жіберген.

Оқиға ҚХР Нинся-Хуэйском автономды өлкесінде орын алды. Салдарынан 18 адам қаза тауып,  32-сі  жарақаттанған.

Синьхуа агенттігі хабарлағандай, сәрсенбіде  Нинся-Хуэйск автономды өлкесінің Жоғарғы соты Ма Юнпиннің шағымын мақұлдамай, орта деңгейдегі халықтық соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. 

Соңғы жаңалықтар