Қытайда 5,2 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақытымен сағат 5:29-де Қытайда 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Қашғар округі Ечэн ауданында Рихтер межесі бойынша 5,2 баллдық жер сілкінісі болды.

Қытай сейсмологиялық орталықтарының мәліметінше, жер асты дүмпуінің ошағы солтүстіктен 35,69 градус және шығыс бойлықтан 77,46 градуста орналасқан. Зілзаланың гипоцентрі 87 км тереңдікте анықталған. 

Соңғы жаңалықтар