Қытайда 4000 жыл бұрын жасалған қыран мүсіні табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньси провинциясындағы ежелгі Шимао қаласының орнынан 4000 жыл бұрын саздан жасалған қыран мүсіні табылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Шимао үйінділерінде бір жылдан бері қазба жұмысын жүргізіп жатқан археологтар осыдан шамамен 4000 жыл бұрын саздан жасалған қыранның мүсінін тапты.

Мүсінмен бірге сүйектен жасалған 10 мыңнан астам ине, жұмбағы ашылмаған 100 шақты сүйек бөліктері де табылған.

Соңғы жаңалықтар