Қытайда 2,5 млн доллардың есірткісі тәркіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Сянган арнайы әкімшілік ауданында полиция құны шамамен 20 млн сянган доллары (шамамен 2,56 млн АҚШ доллары) болатын есірткіні тәркілегенін мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды.

RTHK жергілікті радиостансасы полиция қызметкерлеріне сілтеме жасай отырып, есірткінің басым көпшілігі кокаин және «Эримин-5» екенін жариялады. Есірткі Сянганың Жаңа аумағында Цюаньвань қаласындағы Куйюн ауданында орналасқан өндірістік ғимаратта шағын қоймадан табылған. Айта кетерлігі, «Эримин» ниметазепамның сауда белгісі болып табылады.

Кейіннен полиция Цюаньваньда есірткі саудасына нашақорлар мен саудагерлерді тартты деген күдікпен тағы екі ер адамды ұстады. Полиция қызметкерлерінің пікірінше, күдіктілер есірткіні сақтауға тәулік бойы жұмыс істейтін шағын қоймаларды пайдаланып келген.

Соңғы жаңалықтар