Қытайда 19 орындық автобусқа 74 баланы және тәрбиешіні отырғызған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайдағы Хэнань провинциясындағы Наньян қаласында  19 орындық шағын автобусқа 70-тен астам баланы отырғызған жүргізуші тұтқындалды.

 Бұл туралы жұма күні Daily Mail хабарлады.

Полицейлер алдыңғы алдыңғы әйнектен жүргізушінің жанында топтасып тұрған топ баланы байқап қалған.  Шағын автобусты тоқтатқан кезде ішінен балабақша тәрбиешісі мен 74 бүлдіршін шығады.

Ал көлік рулінде мектеп автобусын жүргізуге рұқсаты жоқ 27 жастағы ер адам болған.

Кейіннен анықталғандай, шағын автобус жергілікті балабақшаға тиесілі болған. Бірақ балаларды тасуға арналмаған. Жүргізуші қауіп төндіретін сапарға шыққаны үшін ұсталды.

Соңғы жаңалықтар