Қытайда 10 секундтың ішінде 19 ғимарат жарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қытайдың орталық бөлігіндегі Хубэй провинциясы Ухан қаласында 10 секундтың ішінде 19 ғимарат сүрілді, деп хабарлайды Лента.ру.

Бір уақыттағы сүру жұмысы 21 қаңтар күні жергілікті уақытпен 11:50-де жасалды, ол үшін 5 тоннаға жуық тротил қажет болды. Жарылғыш затты орналастыру үшін 120 мың саңылау жасалды.

Нәтижесінде, бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер жермен-жексен етілді. Олардың орнына заманауи іскерлік аудан бой көтеретін болады солардың ішінде, биіктігі 700 метрден асатын зәулім ғимарат бар. 

Соңғы жаңалықтар