Қытай провинциясынан Қазақстанға алғашқы жүк контейнерлері аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазан күні Қытайдың Шаньси провинциясының әкімшілік орталығы Тайюань қаласы мен Қазақстанның Павлодар қаласы арасындағы жүк тасымалы бойынша алғашқы теміржол рейсі іске қосылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

41 контейнерден тұратын теміржол құрамы бүгін таңертең Тайюаньнің "Чжундин" логистикалық паркінен аттанды. Павлодарға дейінгі ара-қашықтық - 3705 шақырым. Екі ел қалалары арасындағы жүк тасымалдайтын теміржол рейсі жүктерді жеткізу мерзімін жеті күнге дейін азайтады.

Тайюань-Павлодар желісі Шаньси провинциясынан Орталық Азия өңіріне шығатын алғашқы жүк рейсі болып табылады.

 

Соңғы жаңалықтар