Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанды жалғайтын теміржол салынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерін жалғайтын теміржол жобасы келесі жылы дайын болады, деп хабарлайды Kabar .

Көршілес жатқан үш ел арасындағы теміржол бағдарының жобасы алдағы сәуір айына дейін толық жасалады. Бұл туралы Қырғызстанның Өзбекстандағы елшісі Данияр Сыдықов айтты.

«Ташкентте осы жоба бойынша бүгін үш елдің делегацияларының қатысуымен кездесу өтті. Тараптар жобаны жүзеге асыруға бағытталған практикалық шешімдерді қабылдады, нақты мерзім белгіленді. Сәуірде кезекті отырыс өтеді. Соған дейін тараптар теміржолдың бағдарынның жобасын толығымен жасап бітіреді», - деді Елші.

Оның сөздеріне қарағанда, үшжақты кездесу барысында тараптар тамыз айында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау жөнінде келісім жасап, келер жылдың соңына дейін қаржылық мәселелерді реттеулері тиіс.

Болжамдарға сәйкес, жаңа магистральдың іске қосылуы аталған елдердің өнімдерін Батыс Азия мен Таяу Шығыс нарығына шығаруға мүмкіндік ашады. Ол Қытай жүк тасымалын Еуроодаққа жеткізетін ең қысқа бағдарлардың біріне айналмақ.

Соңғы жаңалықтар