Қытай мұз айдынында Абзал Әжіғалиев топ жара ала ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желтоқсанның 9-11 күндері өтетін додаға әлемнің 50 елінен ең мықты спортшылар қатысады деп күтілуде.

Қазір Қазақстан құрамасы Шанхай қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр.

Әлем кубогының үшінші кезеңіне Нұрберген Жұмағазиев, Айдар Бекжанов, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Дениз Никиша, Еркебұлан Шамуханов және Ким Йонг А, Ольга Тихонова, Анита Нагай қатарлы спортшыларымыз қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Американың Солт Лэйк Сити қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының екінші кезеңінде  Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта чемпион атанып, өз есімін тарихқа жазған болатын. Онда финалда қос Канадалық және бір Қытай спортшысы Абзалмен бәсекелес болды. Бірінші секундтардан-ақ қарқын ала жөнелген Абзал қарсыластарынан алға ұзап, сол беті мәреге бірінші болып келген. Ал Қытай спортшысы бұл сында екінші орын алған еді. Енді жерлесіміз қытай мұзайдынында сол ерлігін қайталайды деген үміттеміз.

Соңғы жаңалықтар