Қытай құрамасындағы жалғыз қандасымыз Универсиадада өнер көрсетті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы қандасымыз Дәстүр Тұрсынханұлы Қытай құрамасы сапында Алматыдағы Универсиада ойындарында өнер көрсетті.

null
Ерлер арасында конькимен жүгіру спортынан 5000 метрлік сында қандасымыз 17 орыннан көрінді. Ал бұл сында итальяндық спортшы Давиде Джотто бас жүлдені жеңіп алған.

Дәстүр 2 ақпан ерлер арасында - 1500 метрлік, 4 ақпанда - 10 000 метрлік және 5 ақпан күні топтық қуалауға қатысатын болады.

null  

prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшы өзінің Қытай құрамасы сапына қалай келгені туралы айтып берді.

«Қытай біріншіліктерінде 1-ші және 2-ші орындар алып жүрмін. Халықаралық ірі жарыстарға әлі қатыса қойған жоқпын. Дегенмен, бір жылдан кейін Қытайдың ұлттық құрамасына кіруге мүмкіндік болады. Осы спортпен айналысатын басқа да қазақ жігіттері бар. Қытай құрамасы қатарына мен ғана алындым», - деді Дәстүр.

 «Қазақстанға бірінші рет келуім. Осы елде алтын алсам, арманым жоқ», - деп ағынан жарылды қандасымыз.

Соңғы жаңалықтар