Қытай ҚР Президентінің әлеуметтік бастамаларын қолдайды - ҚХР СІМ

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын қолдайды. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Кан мәлім етті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Қытай мен Қазақстан - тату көрші және жан-жақты стратегиялық серіктестер. Соңғы жылдары екі мемлекеттің стратегиялық көшбасшыларының - Төраға Си Цзиньпин мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен - біздің елдер көптеген табысты және тиімді байланыстарды дамытып, Қытай мен Қазақстан халқының өмірін жақсартып жатыр. 

Қытай тарапы Қазақстан көшбасшысының Қазақстан халқының өмірін жақсарту бойынша ұсыныстары мен бастамаларын қолдайды және ( Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы) Қазақстан мемлекеттік құрылысында жаңа жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенеді», - деді ол брифингте «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы мемлекетаралық қатынастарды дамыту және көршілес елдердің өзара іс-қимылы үшін үлгі болатынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар