Қытай компаниясы Түркістанда шұбат пен қымыздың ұнтақты қоспасын өндіреді
Қытай бизнесмені Түркістан қаласында таяу уақытта күнделікті өнімділігі 100 тоннаға дейін қымыз бен шұбат қайта өңдейтін зауыт салу басталатынын атап өтті. Аталмыш зауыттың өнімін ҚХР-ға, Еуропа Одағы және Таяу Шығыс елдеріне экспорттау жоспарлануда.
Бұдан басқа, Ян Цзе ОҚО аумағында қазіргі уақытта тамшылатып суару үшін жабдық өндіру бойынша зауыт салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгенін хабарлады.
Ш. Нұрышев кәсіпорын басшысын еліміздегі инвестициялық климатпен, Қазақстанда іске асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы және ҚР мен ҚХР арасындағы индустрияландыру және инвестиция бағдарламаларының негізгі ережелерімен таныстырды.
«Golden Camel» компаниясы - ҚХР-дың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының су үнемдейтін суландыру жүйесін өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру бойынша көшбасшысы - «China Daqing Gold Land of Water-saving Engineering Co.Ltd» компаниясының еншілес компаниясы болып табылады.