Қытай қазақтары латын әліпбиінің жаңа нұсқасын тарихи оқиға деді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақ диаспораларының өкілдері Қазақстан Президентінің латын графикасындағы әліпбидің жаңа нұсқасын қабылдағанын жоғары бағалауда. Бұл туралы танымал жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі Әкбар Мәжит «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Бұл жақсы жаңалық. Күн сайын өзгеріп отыратын әлемде Қазақстанды цифрландыру және рухани жаңғыртумен қатар, жаңа әліпбидің қабылдануы өте маңызды болмақ. Мұны тарихи оқиғаға теңеуге болады. Латын графикасына өту мен жаңа әліпбидің таңдалу процесінде қоғамдық пікірдің есепке алынуы қуантады», - деді ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Оның айтуынша, латын қарпіндегі жаңартылған әліпби Қытайдағы қазақтар үшін де ыңғайлы.

«Біз латын қарпін бұрыннан қолданамыз. 1962-1982 жылдары қазақ тілінің дыбысын жеткізу үшін латын транслитерациясын жасағанбыз. Сондықтан ҚХР-дағы қазақ аға буын өкілдері үшін де латын графикасын қабылдау қиынға соқпайды. Қазіргі таңда Қытайдағы қазақтар, әсіресе жастар латын қарпін қолдана отырып, бір-бірімен хат алмасуда», - деп атап өтті Ә.Мәжіт.  

Соңғы жаңалықтар