Қытай Қазақстанда жерасты және жерүсті рельсті көліктер құрылысына қызығушылық танытты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «China Railway Group Limited» компаниясының вице-президенті Ма Лимен Қазақстан аумағындағы инфрақұрылым жобаларын іске асырудағы серіктестік перспективасын талқылады, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ма Ли Қытайдағы, сондай-ақ Оңтүстік Шығыс және Орталық Азия (Өзбекстан және Тәжікстан), Латын Америкасы және Африка елдерінде жүзеге асырылған жобалар жайлы жан-жақты хабардар етті.

 Ш.Нурышев Астана мен Алматы қалаларында  халық санының көбейгендігін, ірі мегаполистердегі көлік жүйесін дамытудағы қытайлық тәжірибенің Қазақстан үшін де маңызды екендігін атап өтті.

Осы бағытта Астанада жеңіл рельсті  көлік құрылысы мәселелері жөнінде кеңінен пікір алмасылды (LRT).

 Ма Ли одан әрі Қазақстанмен инженерлік-архитектуралық және теміржол құрылысын жүргізуге, сондай-ақ қалалық жерасты және жерүсті рельсті көлік жүйесін құруға қызығушылық танытты.

Еске сала кетсек, «China Railway Group Limited» компаниясы Астанада жеңіл рельсті көлік құрылысына қатысып жатқан компаниялар (LRT) концорциумына кіреді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша компания әлемдік TOP-500 компаниялар рейтингінде 57 орында және қытайлық TOP-500 компаниялар рейтингінде 7-орында.

Корпорацияның жиынтық активі 2015 жылы 110 миллиард долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар