Қытай халқының саны 1,4 миллиардқа жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың соңында Қытай халқының саны 1,382 млрд адамды құрады, олар 12 айда 8 миллион адамға көбейген, деп хабарлайды РИА «Новости» ҚХР-ның мемлекеттік статистика бюросына сілтеме жасап.

Биыл елде 17,86 млн жаңа туған сәби тіркелген, туу көрсеткіші мың адамға 12,95-ті құраған. Сондай-ақ, ҚХР-да 2016 жылы 9,77 млн адам қайтыс болған, өлім көрсеткіші мың адамға 7,09 болған.

Халықтың табиғи өсімі мың адамға 5,86, табиғи азаю - мың адамға 0,9 айналасында.

Бұған дейін 2016 жылы Қытай ЖІӨ өсу қарқыны 26 жылдағы ең төменгі нәтиже көрсеткені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар