Қытай хакерлері бүкіл әлемдегі веб-камераларды басқару мүмкіндігіне ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай хакерлері әлемнің кез келген нүктесіндегі веб-камераларды басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар сата бастады, деп хабарлайды Росбалт.

Mashable-дің мәліметінше, аспаптың құны 28 доллар. Оның көмегімен қаскүнемдер құрылғыларды - көбінесе үй маңындағы және балаларды  бақылауға арналған  камераларды аша алады. Хакерлер сондай-ақ, мессенджерлерде камераларды бұзу туралы ақпаратпен бөлісуге арналған топтық чаттар құруда. Көбінесе олар камераға қолжетімді логин мен кілтсөздерді жариялайды. Күнделікті бұл тізімдегілер  200-ден 400 позицияға дейін толығуда. Тұтынушылар жүйелік икемдеу және кілтсөздерді жиі ауыстырып тұрмағандықтан,  алаяқтар олардың келісімінсіз бақылау жасайды. Сарапшылар құрылғыларды бастапқы қалпы бойынша пайдаланбай,  гаджеттерінің кілтсөздерін жиі ауыстырып тұруға кеңес береді. 

Соңғы жаңалықтар