Қытай ғарышқа әлемдегі алғашқы күн электр станциясын салмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ғарыш кеңістігінде күн электр станциясын орналастыратын әлемдегі алғашқы ел болмақ. Бұл туралы Science & Technology Daily журналына сұхбат берген Қытай ғарыштық технологиялар академиясының ғылыми қызметкері Ли Мин мәлім етті, деп хабарлайды TAСС.

«Қазіргі уақытта Қытай ғарыштық күн энергиясымен айналысатын жетекші елдер қатарына қосылды», - деді Ли Мин.

Қоршаған ортаны ластауға әкелетін қазба отынына қарағанда, ғарыш кеңістігінде күн энергиясын пайдалану әлдеқайда тиімді, әрі таза және тұрақты.

Ғалымдардың айтуынша, жердегі күн және жел электр станцияларына қарағанда ғарыш электр станциясының жұмысына ешқандай табиғи факторлар әсер етпейді, сондықтан ол Жерге үлкен энергия ағынын жібере алады.

Қазіргі уақытта Ресей, АҚШ және Жапония осы саланы дамытуға инвестиция салып жатыр, мұндай зерттеулерге Үндістан, Оңтүстік Корея және Еуропа елдерінің ғарыш ведомстволары да атсалысуда.

Қытай 2008 жылы ғарыш электр станцияларын құру бойынша практикалық қадамдарды бастады және сымсыз электр энергиясын беру технологиясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар