Қытай экономикасының ерекшеліктері қандай - қытайлық сарапшылар пікірі

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық сарапшылар ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның Жалпықытай халық өкілдері жиналысының бірінші сессиясында сөйлеген үкімет жұмысы туралы баяндамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

ҚКП Орталық комитеті жанындағы Партиялық мектептің макроэкономика кафедрасының меңгерушісі, экономика бөлімінің профессоры Чэнь Цицин «экономиканың жоғары сапалы дамуын жан-жақты ынталандыру» туралы баяндама бөлігіне назар аударды.

«Қытайдың экономикалық дамуы тұрғысынан қарасақ, оның ауқымы мен жылдамдығына аса көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бар назар экономикадағы сапа мен тиімділікте. 2016 жылы Қытайдың ЖІӨ АҚШ-пен салыстырғанда, 7 триллион долларға аз болды. Бірақ, әлемдегі үшінші экономикалық суъект болып саналатын Жапониядан 6 триллион долларға көп еді. Есептерге сәйкес, Қытай 2027 жылға қарай Америка Құрама Штаттарынан асып түсуі мүмкін. Экономикалық өсімнің уақытша төмендеуіне қарамастан, Қытайдың экономикалық даму жылдамдығы жоғары», - деді ол.

ҚКП Орталық комитеті жанындағы Партиялық мектептің экономика бөлімінің аға оқытушысы Чжоу Юэхуэй сапалы экономикалық дамуға қол жеткізу үшін жан-жақты ашықтықтың жаңа архитектоникасын құру қажет деп есептейді.

Оның айтуынша, 1978 жылы реформалар мен ашықтық саясаты алғаш жүргізіле бастағанда, Қытай экономикасының ашықтық деңгейі өте төмен болатын. Шетелдік Қытайға инвестициясы мен Қытайдың сыртқы инвестициясы 20 миллион долларға жетпейтін. Қырық жылдан кейін бұл көрсеткіштер әлемдік орташа деңгейден асты. Қытай мемлекеттік статистикалық басқармасының соңғы деректеріне сәйкес, Қытай экспорты мен импортының жалпы көлемі 27,79 триллион юаньді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,2%-ке артық және жалпы тауар айналымы бойынша Қытай АҚШ-пен теңесті.

«Бізге екіжақты ашықтық деңгейін көтеріп, сауда шиеленістерін шешу қажет. Өзара және жалпы тиімділік үшін ашық стратегияны ұстану керек. Ашықтықтың бастамашысы бола отырып, халықаралық бәсекеде жеңіп, дамудың дивиденттерін алуға болады», - деп өз сөзін түйіндеді Чжоу Юэхуэй.

Соңғы жаңалықтар