Қытай делегациясын Астананың сәулеті мен жолдары қызықтырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев  ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Гуандун провинциясы аптасының ашылуына келген қытайлық делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Гуанчжоу қаласының саяси консультативті кеңесінің төрағасы Лю Юелунь мен Астана әкімі Әсет Исекешев екі қала арасындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ қонақтар Қазақстан астанасының инфрақұрылымы таңғалдырғанын атап өтті.

«Сіздердің қалаларыңызда болғанымызға қуаныштымыз. Бұл мен үшін және делегация үшін Астанаға алғашқы сапарымыз. Біз қаланың инфрақұрылымына қызықтық. Салынған архитектуралардың стилі әртүрлі және Астанада жолдар кең екен. Біз қаланы жоспарлауда сіздердің тәжірибелеріңізді қолданғымыз келеді. Сол себепті сіздердің қалаларыңызбен әріптестік орнатуды қалаймыз, - деді Гуанчжоу қаласының саяси консультативті кеңесінің төрағасы Лю Юелунь.

Сондай-ақ шетелдік меймандарды қаламен танысу барысында өзінің көркемдігімен, тазалығымен Есіл өзені қызықтырған.

Екі қалаға тәжірибе алмасып, әріптестік орнату үшін перспективалық бағыт - туризм саласы болып табылады. Астананың Гуанчжоумен достық байланыс орнатуы сауда-экономикалық, мәдени және білім салаларында үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Аспан асты елінен келген делегация кездесу соңында Астанамен ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, ертең елордада инвестиция бағытында тәжірибе алмасу бойынша Қазақстан-Қытай кеңесі өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар